X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Салидат Қайырбекованың туған – туыстарына қайғырып, көніл айтады

Салидат Қайырбекова

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, орталық аппараттың, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық департаменттерінің және министрлікке қарасты ұйымдардың ұжымдары 2016 жылғы 3 маусымда ауыр науқастан кейін өмірден өткен Ұлттық медицина холдингінің және University Medical Center корпоративтік қорының басшысы Салидат Қайырбекованың туған – туыстарына қайғырып, көніл айтады.

Салидат Зекенқызы дәрігерлер отбасында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін аяқтағаннан кейін, ол еңбек жолын Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, бөлімше меңгерушісі, облыстық көп салалы емдеу-диагностикалық бірлестігінің бас дәрігері қызметінен бастады.

Оның бойында нағыз дәрігерге тән ең жақсы адами қасиеттер бар еді. Ол – адамзатқа деген сүйіспеншілік, аяушылық сезімдер, адамдарға деген ерекше мейірім. Салидат Қайырбекова Қарағанды облысында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Қазақ мемлекеттік медицина академиясында, ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарып, өзінің аса жоғары ұйымдастырушылық қасиеттерінің, мол тәжірибесінің, үздіксіз шығармашылық ізденістерінің, адамдарға пайдасын келтіруге ұмтылудың арқасында, отандық денсаулық сақтау саласына зор үлес қосты. 

Ол кісінің тікелей басқаруымен көп маңызды жүйелі жобалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама аясында енгізілген  Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі республикамыздың медициналық ұйымдары  үшін бәсекелестік ортаны дамытуға үлкен түрткі болды. Жекеменшік медицина дами бастады. «Қаражат пациенттің соңынан жүреді» принципі енгізілді. Медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы артты. Органдарды транспланттау бойынша озық, инновациялық технологиялар белсенді даму үстінде. Қоғамда «денсаулыққа ортақ жауапкершілік» ұғымы қалыптасты, азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша сектораларық және ведомствоаралық өзара байланыс іске асырылды.
Салидат Қайырбекова соңғы кезде University Medical Center корпоративтік қоры және Ұлттық медицина холдингін басқарып жүріп, қордың құрамындағы клиникалардан Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ озық және инновациялық емдеу мекемелерін құруды армандаған.  

Ол үлкен патриот адам еді, бүкіл саналы ғұмырын өзі сүйген отанына қызмет ету ісіне арнады.

 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлері және еліміздің бүкіл медицина қауымдастығы Салидат Зекенқызының өмірден өтуіне байланысты қайғырып, туған – туыстарына көніл айтады.

Салидат Зекенқызы әріптестері мен достарының есінде мәңгі  өз мамандығына деген сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде, таза және жақсы адам ретінде қалады.

 

 

 

 

4 шілде, 2016 - 12:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші