Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді

телемедицина

Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарының пациенттері 133 мың 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды.

Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мың 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мың 600 сеанс, пульмонология бойынша – 3 мың 215 сеанс, неврология бойынша – 2 мың 251 сеанс және тағы басқалары.

Бүгінгі күні Ұлттық телемедицина желісі (бұдан әрі - ҰТЖ) еліміз бойынша 199 денсаулық сақтак нысанын біріктіреді және аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерге бөлінеді. Аудандық деңгейдегі (141 аудандық және қалалық аурухана) медицина ұйымдарының қызметкерлері консультацияларды облыстық ауруханалар мен республикалық медицина орталықтарындағы әріптестерінен ала алады.

Телемедицинаның көмегі арқылы дұрыс диагнозды дер кезінде қою және емдеу, медицина қызметкерлеріне пациенттерге медициналық көмекті шұғыл көрсетуге, азаматтардың жол жүру шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, медицина ұйымдарының облыстық және республикалық клиникаларға ауыр жағдайдағы пациенттерді жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.  

ҰТЖ денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс тәртібінде селекторлық жиындар мен республикалық штабтарды  өткізу үшін пайдаланылады

Медицина ЖОО-ның, республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мамандары бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханаларының медицина қызметкерлері үшін телевизиялық оқыту лекциялары мен семинарларын өткізеді.

Қазақстанда 2004 жылдан бері  Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Ол пациенттерге облыстық және республикалық медицина орталықтарының орналасқан жерлері мен қашықтығына қарамастан білікті дәрігерлердің телемедициналық консультацияларын алу үшін арналған. ҰТЖ мамандандырылған  және жоғары мамандандырылған  медициналық көмектің қолжетімділігіндегі республиканың қала және ауыл тұрғындары арасындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді.

5 шілде, 2016 - 10:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші