Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді

көкжөтел

Соңғы 25 жылда Қазақстанда вакцинациялаумен кең көлемді қамту шаралары нәтижесінде көкжөтелмен сырқаттану деңгейі ересектер арасында 7,6 есеге, балалар арасында 7,5 есеге төмендеді.

2015 жылы ересектер арасындағы көкжөтелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,43) тіркелді, 1991 жылы 562 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,34) болған еді. Сонымен бірге, балалар арасындағы көкжетелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,63) тіркелді, 1991 жылы 555 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,4) тіркелген болатын.

Көкжөтел – ауа-тамшы жолымен жұғатын, интоксикациямен, спазматикалық жөтелу ұстамаларымен және құсумен сипатталатын жіті антропонозды бактериалдық инфекция. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

Инфекцияның жалғыз көзі ауру адам болып табылады. Барлық адамдар (балалар және ересектер) көкжөтелді өте тез қабылдайды. Иммунитеттің төмендеуі кезінде ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда сырқаттану қауіпі 100 % жетеді. Алайда, ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда ғана көкжөтелді жұқтыруға болады, өйткені инфекция қоздырғышының таралуы 2-3 метрден аспайды.

Инкубациялық кезеңі орташа алғанда 5-9 күнді құрайды, алайда 3 тен 20 күнге жетуі мүмкін.

Көкжөтел балалар өмірінің бірінші айында аса ауыр, кей жағдайда өлім-жітіммен өтеді. Емшектегі балаларда бірнеше жөтелуден кейін демалысы қысқа мерзімге тоқтауы мүмкін (бірнеше секундттардан бір минутқа дейін және одан аса), бұл адам өміріне өте қауіпті. Пневмония (бронхопневмония) түріндегі және энцефалопатия (бас миындағы өзгерістер, құрысу салдарынан өлім-жітімге алып келуі мүмкін және өзінен кейін тұрақты зақымдаулар қалдырады, кереңдік немесе эпилептикалық ұстамалар) түріндегі асқынулар жиі кездеседі.

Балаларда аурудың алдын-алудың негізгі әдісі вакцинациялау болып табылады. Қазіргі кезде 5 валентті (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, сал ауруы, b типті гемофильді инфекция) және 6 валентті вакциналар (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, b типті гемофильді инфекция, гепатит В) жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Вакцинациядан бас тарту -  инфекцияға бейім адамдардың санын арттыруға және сырқаттанушылықтың бұр етпесін тудыруы мүмкін.

5 шілде, 2016 - 12:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші