Қазақстанның үш облысының ауылдық аудандарының және Алматы қаласының тұрғындары «Денсаулық жолы – 2016» акциясы шеңберінде тегін медициналық көмек алуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанның үш облысының ауылдық аудандарының және Алматы қаласының тұрғындары «Денсаулық жолы – 2016» акциясы шеңберінде тегін медициналық көмек алуда

Акция "Денсаулық жолы"

Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдық аудандарының және Алматы қаласының тұрғындары өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мен ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы шеңберінде тегін медициналық көмек алуда.

Батыс Қазақстан облысының Федоровка және Еңбек ауылдарының тұрғындары үшін ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап құрамында терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, онколог-маммолог, стоматолог, ультрадыбыстық зерттеудің және клиникалық зертхананың мамандары бар дәрігерлер бригадаларының шығуы ұйымдастырылуда. Өңірде акция 20 шілдеге дейін жалғасады. Сондай-ақ, Чапаев, Еңбек, Жалпактал және Бөрлі ауылдарына 20 маусымнан 20 шілдеге дейін флюорографикалық қондырғылардың шығуы ұйымдастырылады.

Шілденің 7-нен 27-не дейін акция шеңберінде Алматы қаласының медицина ұйымдарының мамандарымен «Барлык», «Болашак», «Казына», «Кенжехан», «Сәлем», «Рахат» және «Ялянь» әмбебап базарларында  қала тұрғындары үшін консультациялар және лабораториялық-диагностикалық зерттеулер өткізіледі.

Маңғыстау облысында 11 шілдеден бастап жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдық округтеріне барады,  олардың тұрғындары 17 шілдеге дейін тегін скринингтік тексерулерден өтіп, сондай-ақ әлеуметтік аурулар бойынша медициналық көмек алады. Мобильдік топтардың шығуы окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, педиатр және кардиологтың қатысуымен ұйымдастырылады.

Одан басқа, 11 шілдеде мамандардың Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылына баруы да жоспарлануда.

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша  «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтетіндігін естеріңізге сала кетейік. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын  қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету.  

8 шілде, 2016 - 10:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші