X
egov

You are here

10 мыңнан астам еліміздің азаматтары әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша мәлімет алды

ақпараттық-түсіндіру жұмыс

ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында еліміздің 10261 азаматтары әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заңнамалардың негізгі өзгерістері туралы кеңестер алды.

ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап елді мекендердің 2659 тұрғындарымен және 987 кәсіпорындар мен ұйымдардың  қызметкерлерімен  кездесулер өткізді.

10261 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылған азаматтардың ішінде  6850-і жұмыспен қамту және «Өрлеу» жобасының жүзеге асырылуы туралы, 811-і зейнетақымен қамсыздандыру туралы, 666-сі мүгедектерді әлеуметтік қорғау және 912-сі басқа да әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңестер алды.

26-27 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСӘДМ аймақтық комитеттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өткенін естеріңізге сала кетейік.

Семинар қатысушыларына халық арасында әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамалардағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

8 шілде, 2016 - 12:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші