ҚР ДСӘДМ мамандары павлодарлық дәрігерлерге күйдіргі жұқтырған пациенттерді емдеуге көмектесуде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ мамандары павлодарлық дәрігерлерге күйдіргі жұқтырған пациенттерді емдеуге көмектесуде

денсаулық сақтау

Бүгін Павлодар қаласына күйдіргі жұқтырған науқастарға консультативтік және медициналық көмек көрсету үшін Астанадан ҚР ДСӘДМ Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Бауыржан Байсеркин мен реаниматолог дәрігер келді. 10 шілдеде астанадан құрамында дәрігер-инфекционист және нефролог-эфферентолог бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы жіберілген болатын.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметері бойынша, 8 және 9 шілде аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Ертіс ауданы Иртышск селосынан «Тері түріндегі күйдіргі» алдын ала диагнозымен 3 пациент жатқызылды. Диагноз барлық пациенттерде лабораториялық зерттеулер арқылы расталды. Олардың біреуінің жағдайы тұрақты ауыр, екеуінікі – орта дәрежелі ауыр. Пациенттер қажетті ем алуда.

Адамдарға сырқат 27 маусымда Ертіс ауданы Ұзынсу селосында ауырған сиырды сойғаннан кейін жұққаны анықталды. 117 келі малдың еті ветеринарлық сараптамасыз және қажетті құжатсыз Иртышск ауылындағы «Майра» кафесіне тапсырылып, кейін 51 адамға ас беру үшін пайдаланылған.

12 шілдедегі жағдай бойынша күйдіргіге қатысты байланыста болған 96 адам анықталды:

24 адам – Ертіс аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды;

65 адам – Ертіс аудандық орталық аудандық ауруханында амбулаториялық ем алуда;

5 адам – Павлодар қаласының № 2, 3, 4 емханаларында емделуде;   

2 адам – Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан аумағынан кетті. 

12 шілде, 2016 - 18:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші