«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 7 облыстың шалғай аудандары мен Алматыдағы базарларға барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 7 облыстың шалғай аудандары мен Алматыдағы базарларға барады

Денсаулық жолы – 2016

18-29 шілде аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының шалғай аудандары мен Алматыдағы базарларға барады.

20 маусым мен 20 шілде аралығында облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары Батыс Қазақстан облысының Ақжай, Теректі, Қазтал, Бұрлы аудандарында флюорографиялық тексеру жүргізеді.

11 шілдеден бастап бейінді мамандар бригадасы әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Ақтөбе облысының Темір, Ырғыз, Ойыл аудандарының тұрғындарына кеңес беріп, профилактикалық тексеру өткізеді.

12 шілдеден бастап жылжымалы медициналық кешен Қарағанды облысының Шет ауданына (Ақшатау, Кеңшоқты, Талды, Ақшоқы, Ақой, Батық, Дария) барады. Профилактикалық тексеру мен консультативтік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында Балқаш қаласы №1 емханасының дәрігерлері (терапевт, педиатр, хирург, офтальмолог, оталаринголог, стоматолог, акушер-гинеколог, врач-ренгтенолог) және салауатты өмір салты облыстық орталығының мамандары шақырылды.

Павлодар облысы Шарбақты және Ертіс аудандарының тұрғындары 18-21 шілде аралығында терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог мамандарынан кеңес алып, анализдер тапсырып, рентгендік тексеруден өте алады.

19-25 шілде аралығында Қостанай облысында терапевтік, кардиологиялық және онкологиялық қызметтер мамандарының мобильді бригадасы Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл аудандарына барады.

18-29 шілде аралығында дәрігерлер (терапевт, кардиолог, гинеколог, травматолог,  ультрадыбыс және ренгтенологиялық тексеру мамандары) бригадасының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына баруы жоспарланып отыр.

19-21 шілде аралығында Алматы қаласы медицина ұйымдарының мамандары «Барлык», «Казына», «Кенжехан» әмбебап базарларында қала тұрғындары үшін консультациялар және лабораториялық-диагностикалық зерттеулер өткізеді.

20 шілдеде жылжымалы медициналық кешеннің Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылына баруы жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын  қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

22 шілде, 2016 - 12:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші