X
egov

You are here

Биыл «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 78 мыңнан астам адам қатысты

сцк

Жыл басынан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасына 78,4 мың адам қатысты, оның ішінде жұмыссыз азаматтар – 44,9 мың (57,3%), өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 25,3 мың (32,2%), ішінара жұмыспен қамтылғандар – 750 адам (1%). Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және жұмыспен қамту шараларының аймақтық кешенді жоспарын 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында  жүзеге асыру нәтижелері» атты тақырыпта өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 

Ол «ЖҚЖК 2020» қатысушылары арасында аз қамтылған азаматтар үлесі 3 мың 340 адам болса, 2 мың 594 мүгедек адамдар екенін атап айтты. 29 жасқа дейінгі жастар үлесі 46,2% (36 мың 206 адам), әйелдер – 45,8% (35 мың 968 адам).

2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 100,8 млрд. теңге бөлінді.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 643 жоба жүзеге асырылып, 9 мың 579 жұмыс орындары құрылды. Аталған жұмыс орындарына 4 мың 697 бағдарламаға қатысушы орналастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамытуды қарастыратын екінші бағыт бойынша микрокредиттеуге 30,8 млрд. теңге бөлінді, 2 мың 871 адам микрокредит алды.

Оқыту және қоныс аудару, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қарастыратын «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында 4 мың 191 адам кәсіби оқумен қамтылды.

11 мың 647 адам орташа айлық жалақы мөлшері 53 мың 80 теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар практикасына 8 мың 558 адам бағытталды.

Жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға 320 отбасы көшті (672 адам). 424 жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің 319-ы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 314 адам.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы жетілдірілгенін еске салды.

«Қысқартылған жұмыс уақытына төленетін жалақыны (Германия тәжірибесі) уақытша субсидиялау, қызметкерлерді оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттарды беру, жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқыту арқылы жұмыс орындарын сақтау тетіктері жасалды. Сонымен бірге, микрокредиттеу тиімділігін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтуды ұлғайту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қарастырылған», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай туралы да мәлімдеді.

Вице-министр 2016 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мың адам болғанын атап айтты.

«Бүгінде экономикада 8 млн. 463,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 95%-ға жетті. Жұмыс істейтін азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам немесе 74%, өздігінен жұмыспен қамтылғандар – 2 млн. 228,3 мың адам. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 418,7 мың адам. Жұмыссыздар саны 443,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5% болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) – 4,3%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,6%», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» жүзеге асыру үшін 32,8 млрд. теңге жұмсалған болатын: 1-бағытты (инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу) іске асыруға 13,7 млрд. теңге (98%). Микрокредиттеуді ұйымдастыруға 10,4 млрд.теңге (31,7%), халықтың  мақсатты тобының жалақысын субсидиялау мен оларды кәсіби оқыту (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы) – 6 млрд. теңге, еңбек мобильділігін арттыру – 2,7 млрд. теңге (8,3%).

2015 жылы бағдарламаға 136 мың адам қатысты, «ЖҚЖК 2020» аясында 588 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында  микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. 

15 шілде, 2016 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші