Атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам Алматы ауруханаларына жатқызылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам Алматы ауруханаларына жатқызылды

медпомощь

15.00-дегі жағдайға сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылғы 18 шілдеде қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда.

Жедел көмек ауруханасында 4 адам, оның ішінде 3 адам жан сақтау бөлімінде, 1 адам хирургиялық бөлімде ем алуда. Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатқан 2 адам жан сақтау бөлімінде.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген.

Жедел көмек ауруханасына жатқызылған 5 адамның біреуі бүгін 13 сағат 45 минутта қайтыс болды.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған пациент тергеу изоляторына ауыстырылды.

19 шілде, 2016 - 15:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші