«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады

Денсаулық жолы – 2016

25-31 шілде аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облыстарының шалғай аудандарына барады.

25 шілдеде ЖМК Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Крыловка ауылына барады.

25-29 шілде аралығында Павлодар облысының Шарбақты, Ертіс аудандарының түрғындары терапевт, педиатр, офтальмолог, оталаринголог, стоматолог, гинеколог дәрігерлерінің кеңесін алып, анализдер тапсырып, рентгендік тексеруден өте алады.

Осы кезең аралығында Батыс Қазақстан облысының Ақжай, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандарына флюорографиялық тексеру жүргізіледі.

Маңғыстау облысы Маңғыстау және Бейнеу аудандарының тұрғындары 26-27 шілдеде тегін скринингтік тексеруден өтіп, окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог пен педиатр мамандарынан кеңес ала алады.

27-29 шілде аралығында Ақмола облысының Шортанды, Целиноград, Ақкөл аудандарына бейінді мамандардың баруы жоспарланып отыр (невропатолог, кардиолог, уролог, нефролог, гастроэнтеролог, инфекционист, пульмонолог, ревматолог, травматолог, окулист, логопед және аллерголог).

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

 

22 шілде, 2016 - 14:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші