Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге ұлғайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге ұлғайды

 заработная плата

Қазақстанда соңғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мың 813 теңгеден 84 мың 722 теңгеге дейін) ұлғайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет: 2006 жылы - 32%-ға; 2007 - 30%-ға; 2009 және 2010 жылдары - 25%-ға, 2011 - 30%-ға ұлғайтылды.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық ақының 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың біліктілігіне қарай ұлғайтылды: денсаулық сақтау саласында -  7%-дан 28%-ға, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға, өзге салаларда –28%-дан 40%-ға дейін.

25 шілде, 2016 - 15:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші