X
egov

You are here

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткіші 5,6%-ға төмендеді

қайғылы оқиғалар

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтер бойынша республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қайғылы оқиғалар салдарынан 792 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен болды (2015 жылы – 839 адам).

Өндірісте өлім-жітіммен аяқталған қайғылы оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдар саны 112 болып отыр (2015 жылдың 6 айында – 113 адам).

2011 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары нәтижесінде өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр. Аталған уақыт аралығында жалпы өндірістік жарақат алу көрсеткіші 23,3%-ға төмендеп, 2015 жылы 1723 адам болды (2011 жылы 2217 адам).

26 шілде, 2016 - 10:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші