ҚР ДСӘДМ бас гомеопаты азаматтарға екпеден бас тарту туралы Интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ бас гомеопаты азаматтарға екпеден бас тарту туралы Интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

вакцина

Өзін Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас гомеопаты болып таныстырған Марина Таргакованың адамдарға екпеден бас тарту туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылған бейнежазу түріндегі лекциясы (үзінді) шындыққа сай келмейді.

Марина Таргакова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) қызметкері емес. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас мамандарының тізімін бекіту туралы» бұйрығында гомеопат жоқ.

ҚР ДСӘДМ Қазақстан азаматтарын мұндай мәлімдемелерге назар аудармауға шақырады. Бүгінгі күні халықты иммунизациялау - вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі әдісі болып табылады. ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес Қазақстанда 21 жұқпалы ауруға қарсы тегін вакцинациялау жүргізіледі. Вакцинациялаудан бас тарту инфекцияны қабылдағыш адамдардың және аурудың көбеюіне алып келеді.

 Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы және шұғыл ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

Тегтер:
11 тамыз, 2016 - 15:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші