«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандары мен Астананың кәсіпорындарына барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандары мен Астананың кәсіпорындарына барады

«Денсаулық жолы – 2016»

1-7 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда облыстарының шалғай аудандары мен Астана қаласының кәсіпорындарына барады.

1-5 тамыз аралығында ЖМК Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

Аталған күндері Маңғыстау облысының Шебір, Тұщықұдық (Маңғыстау ауданы), Басқұдық, Қызылтөбе (Мұнайлы ауданы), Сарға, Қарасай (Бейнеу ауданы) ауылдарының түрғындары терапевт, кардиолог, окулист, гинеколог, психолог және т.б. дәрігерлерінің кеңесін алып, тегін скринингтік тексеруден өте алады.

1-5 тамыз аралығында Павлодар облысы Лебяжі мен Ертіс аудандарының (Тоқта ауылы)  тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

Сонымен қатар, жылжымалы медициналық кешендер 1 тамызда Аягөз ауданы Прогресс ауылына, 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылына барады.

3-5 тамыз аралығында әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Қостанай облысы Қарасу және Қарабалық аудандарының тұрғындарына медициналық бригаданың баруы жоспарланып отыр.

2016 жылғы 3 тамызда астаналық Локомотивті-жөндеу депосының қызметкерлеріне кардиолог, эндокринолог, онколог, маммолог, нутрициолог және ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу қалалық орталығының мамандары жіберіледі. Кәсіпорындарға жіберілетін акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ҚР ДСӘДМ салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы 2002 жылдан бастап жүзеге асыратын «Денсаулыққа тиімді жұмыс орындары» жобасын насихаттауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

12 тамыз, 2016 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші