Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларынан туындайтын өлім-жітім көрсеткіші 1,9 есеге төмендеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларынан туындайтын өлім-жітім көрсеткіші 1,9 есеге төмендеді

болезни системы кровообращения

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларынан (әрі қарай - ҚЖА) туындайтын өлім-жітім көрсеткіші 1,9 есеге төмендеді (1994 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 361-ден 2015 жылы 193,8-ге азайды).

ҚР-дағы кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ҚЖА-мен сырқаттанған адамдар мен мүгедектерді ерте диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту мен оның алдын алудың тиімді тәсілдері енгізіліп, кардиохирургиялық бағыттағы мамандардың біліктілігін арттыру мен оларды даярлау мәселелері шешілді. Астана, Алматы және Павлодар қалаларында, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында аймақтық кардиохирургиялық орталықтар құрылды. Облыстық (қалалық) ауруханаларда кардиохирургиялық бөлімдер ашылды.

Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту мен жетілдіру шаралары ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әрі қарай жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, 40 инсульттік орталық құрылды. Бұл ҚЖА-дан болатын өлім-жітім санын азайтуға мүмкіндік берді. 2020 жылға дейін тағы 28 инсульттік орталық құру жоспарланып отыр.

Кардиохирургиялық оталар саны 2005 жылғы 838-ден 2015 жылғы 30 мың 249-ға дейін (оның ішінде ашық жүрекке 10 мыңнан астам ота мен 20 мың жедел интервенциялы ота) ұлғайды.

1 тамыз, 2016 - 12:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші