«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 8 облыстың шалғай аудандары мен Алматының балаларға арналған интернаттарына барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 8 облыстың шалғай аудандары мен Алматының балаларға арналған интернаттарына барады

Денсаулық жолы – 2016

8-14 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының шалғай аудандары мен Алматы қаласының балаларға арналған интернаттарына барады.

25 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары облыстың Тасқалы, Сырым, Шыңғырлау, Ақжайық (Тайпақ ауылы) аудандарында флюорографиялық тексерулер өткізеді. Шара 25 тамызға дейін жалғасады.

8 және 9 тамыз күндері ЖМК Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Көкжайық, Үлгілі малшы ауылдарына барады.

8-12 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

Аталған күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Тозағаш, Шарбақты, Қазантай, Шақа ауылдарының  тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

8-12 тамыз күндері терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, педиатрлік, офтальмологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық қызметтердің мамандары бар мобильдік медициналық бригадалар, сонымен қатар, ЖИТС орталығы мен СӨС аймақтық орталығының мамандары Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданы мен қалаларына барады. Бұл – Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Түлкібас, Төле би, Түркістан, Кентау, Созақ  аудандары.

Аталған кезеңде терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, онкологиялық қызметтері мен СӨС аймақтық орталығының мамандары Алматы облысы Қаратал ауданы Көлпе ауылы, Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы, Жамбыл ауданы Қайназар ауылдарының тұрғындарын тексереді.

 8-12 тамыз аралығында флюромашина мен жылжымалы медициналық кешенді іске қосу арқылы Алматыдағы балаларға арналған интернаттарда профилактикалық тексерулер жүргізілетін болады.

10 тамызда құрамында кардиолог, акушер-гинеколог, хирург, жалпы практика дәрігерлері мен клиникалық зертхана мамандары бар медициналық бригаданың Атырау облысы Махамбет ауданына баруы жоспарланып отыр.

11 және 12 тамызда дәрігерлер бригадасы (окулист, уролог, кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог) Ақмола облысының Астрахань, Егіндікөл аудандарына барады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

4 тамыз, 2016 - 15:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші