X
egov

You are here

Қазақстанда тұңғыш рет Жедел медициналық көмек қауымдастығы құрылды

медпомощь

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының тұңғыш Жедел медициналық көмек қауымдастығын таныстыру рәсімі өтті. Оның құрамына Республикалық санитарлық авиация орталығы, сонымен қатар, аймақтық медициналық ұйымдар кіреді.  

Оның негізгі мақсаты – Қазақстандағы заманауи жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация қызметін жетілдіруге ықпал ету. Қауымдастықтың негізгі жұмысы – республикадағы аталған қызметтердің басым бағыттарын дамыту мен оларды біріктіру, жедел медициналық көмек көрсету саласындағы құқықтық нормативтік базаны оңтайландыру мен сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жасау.

Өз қызметінің аясында қоғамдық бірлестік медициналық білім беру мен жедел медициналық көмек көрсету саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, емдеудің инновациялық тәсілдерін енгізуге, біліктілікті арттырудың біріктірілген курстарын, оқыту конференцияларын, шеберлік сыныптарын өткізуге, сонымен қатар, Бірлестік аясында осы саладағы марапаттауларды жасауға күш салуды жоспарлап отыр.

Құрылған ҮЕҰ халықаралық және ұлттық ғылыми-практикалық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жетілдіруге ықпал етеді.

Келешекте Қауымдастық өз қызметін республикадан тыс шеңберде кеңейтіп, алыс және жақын шетелдердегі әріптестермен белсенді тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Біріктірілген қызметті дамыту республикадағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға, сонымен қатар, жедел медициналық көмек қызметі жүйесінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қауымдастықтың бірінші отырысының аясында Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қатысуымен санитарлық көлік жүргізушілері үшін ЖКО мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық бірлестікті құру ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі және республиканың аймақтық денсаулық сақтау органдары тарапынан мақұлданған болатын. ҮЕҰ – азаматтық қоғамды құруда маңызды рөл атқаратынын атап айту қажет. 

5 тамыз, 2016 - 17:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші