X
egov

You are here

2015 жылы Онлайн қолдау көрсету қызметі мүгедектерді тәрбиелеп отырған 268 ата-анаға консультативтік көмек көрсетті

онлайн-поддержка

2015 жылы (маусым-желтоқсан) Онлайн қолдау көрсету қызметі мүгедектерді тәрбиелеп отырған 268 ата-анаға консультативтік және психологиялық көмек көрсетті. 2016 жылдың 5 айында 172 ата-анаға көмек көрсетілді.

Онлайн қолдау көрсету қызметінің негізгі мақсаты – мүгедек баласы бар отбасына консультативтік көмек көрсету. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дұрыс психологиялық денсаулығын құруға жағдай жасау, отбасындағы жағымды әлеуметтік-психологиялық ортаның қалыптасуына, сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық көмек беруге жәрдемдесу болып табылады.

Қызметтің жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ата-аналардың үйден шықпай-ақ кәсіби кеңес алуына мүмкіндік береді.

Мамандардың кеңесіне өтінімдер тәулік бойы 1411 тегін нөмірі бойынша қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың маусым айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Дирекциясымен, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МББҰ-мен бірлесе отырып мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау бойынша жобаны жүзеге асырып келеді.

Онлайн қолдау көрсету қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекен бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары арқылы немесе i-krmu@mail.ru электрондық поштасына хат жазу арқылы алуға болады. 

9 тамыз, 2016 - 10:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші