X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ мамандары азаматтарға «INTOXIC» және «АЛКОБАРЬЕР» препараттарын қолдануды ұсыну туралы Интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

«INTOXIC» и «АЛКОБАРЬЕР»

Бірқатар ауруларды емдеу мен алдын алу бойынша «INTOXIC»  антипаразитарлық препаратының тиімділігі туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Басқарма басшысы Абай Байгенжинмен, сонымен қатар, алкоголизмді емдеудегі «АЛКОБАРЬЕР» препаратының тиімділігі жөнінде Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы катетеризация мен электрофизиология зертханасының жетекшісі Аян Абдрахмановпен, Астана медициналық университеті  анестезиология мен реаниматология кафедрасының жетекшісі Айдос Қонқаевпен  сұхбат түрінде берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Аталған хабарламадағы дереккөз белгісіз болғандықтан, ол шындыққа сай келмейді.

Ақпаратта көрсетілген мамандар ешқашан мұндай сұхбат бермеген.

Сұхбатта жарнамаланған прапараттар Қазақстанда тіркелмегендіктен, сонымен қатар, емханалық тиімділігі дәлелденбегендіктен, оны азаматтардың қолдануы үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсына алмайды.  

Емханалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрі-дәрмектер Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізілген, оны  www.knf.kz сілтемесі арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

11 тамыз, 2016 - 16:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші