«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады

Денсаулық жолы – 2016

15-21 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының шалғай аудандарына барады.

Аталған күндері ЖМК Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарының Тоқмағамбетов, «Бөген», «Еңбек», Бекежанов дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

15-16 тамыз күндері Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп,  окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог және педиатр мамандарының кеңесін алатын болады.

16 тамызда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Калинино және Лесное ауылдарының тұрғындарына бейінді мамандар бригадасы консультация береді.

16-17 тамыз күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Малыбай, Қазы ауылдарының  тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

17 тамызда жылжымалы медициналық кешендер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Теректі ауылына барады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

12 тамыз, 2016 - 11:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші