Қазақстанда «Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда «Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды

«Еңбек Жолы»

Еңбек күнің атап өту және «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» Республикалық форумды өткізу қарсаңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізуі жөнінде хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру; еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.

Аталған байқау Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» идеясының аясында еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбек етуіне ынталандыруға ықпал етеді.

Байқау номинациялары төмендегідей:

- «Үздік еңбек әулеті» номинациясында еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттар саны ең көп әулеттер ұсынылады.

- жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскерлері «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша;

- жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, өте тиімді жұмыс істейтін тәлімгер үшін «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы белгіленді.

Байқау өңірлік және республикалық деңгейде өткізілетін болады. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар байқаудың өңірлік кезеңіне қатысушылар өтінімдерін қабылдауда.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін ағымдағы жылғы қыркүйекте «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.

15 тамыз, 2016 - 11:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші