ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті медициналық ұйымдардан есеп өткізу үшін қаржы жинамайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті медициналық ұйымдардан есеп өткізу үшін қаржы жинамайды

медицинские услуги

Оңтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті жетекшісі орынбасары Ерлан Егеубековтың ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (әрі қарай - МҚАТК) медициналық ұйымдардан олардың есепті сәтті тапсыру үшін қаражат жинайтыны туралы кейбір республикалық және аймақтық БАҚ-та жарияланған хабарламасы шындыққа жанаспайды.

Аймақтардағы медициналық ұйымдардың қызметі туралы барлық мәлімет медициналық қызметтер есебінің ақпараттық жүйесінде жинақталған. Бұл ақпаратты автоматтандырылған тәртіпте жинауға мүмкіндік беріп, мәліметтердің қағаз нұсқасын ұсынуға жол бермейді. ҚР ДСӘДМ МҚАТК-да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету келісім шарттарын жасасқан медициналық ұйымдардың келісім шарт міндеттемелерін орындауын оперативті түрде бақылау жүйесі енгізілген.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, аймақтық департаменттер ҚР ДСӘДМ МҚАТК-ге есеп тапсырмайды, сонымен бірге, аталған мақсатта медициналық ұйымдардан қаражат жинамауы тиіс.

15 тамыз, 2016 - 15:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші