2016 жылдың бірінші жартыжылдығында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 29 мыңнан астам рұқсатнама берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 29 мыңнан астам рұқсатнама берілді

разрешение на работу

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 29 458 рұқсатнама берілді.

Олардың ішінде 1716-сы бірінші санат (жетекшілер мен олардың орынбасарлары), 5550 – екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттың басым көпшілігі үшінші (мамандар) – 13382 және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша – 6934, маусымдық жұмыс бойынша - 1876 берілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 3672 жұмыс беруші бар. Оларда 465 мыңға жуық Қазақстан азаматы еңбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері санының 93,7% құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 11 713 адам, Түркия - 3 302, Өзбекстан– 3 012, Ұлыбритания – 1 490, Үндістан – 1 274 және т.б. болып есептеледі.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады. 2016 жылы республиканың экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда (63,1 мың адамға жуық) ШЖК тарту квотасы 0,7% мөлшерінде белгіленді.

 

16 тамыз, 2016 - 11:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші