X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де отбасын құруды жоспарлау мен репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелері талқыланды

охрана репродуктивного здоровья

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат бойынша тұжырымдаманың жобасын жасау аясында отбасын құруды жоспарлау мен азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қоғамдық кеңестің өкілдері, ведомствоға бағынысты ұйымдар мен ҚР ДСӘДМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, видеобайланыс режимінде – аймақтағы денсаулық сақтау басқармаларының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Қоғамдық тыңдау барысында ана мен баланы қорғау бойынша қарастырылатын кешенді шаралар, мектептегі медицина, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Светлана Жақыпова 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында ана мен бала денсаулығын қорғауға негізделген бірқатар шаралар қарастырылғанын атап айтты.

«Отбасы денсаулығын қорғау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл – отбасын жоспарлау, аурулардың алдын алу, әйелдер мен ерлер, балалардың созылмалы ауруларын емдеу мен оңалту, андрологиялық қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру, ерлердің репродуктивті жүйе ауруларын заманауи емдеу мен профилактикасының тиімділігін арттыру шаралары», - деп мәлімдеді Вице-министр.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова жастар арасындағы салауатты өмір салтын құруға зор көңіл бөліну керектігін атап айтты.

Азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша шаралар туралы ҚР ДСӘДМ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Ляззат Ақтаева мәлімдеді. Балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицинаны дамыту мәселелері ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметованың баяндамасында талқыланды.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ДСӘДМ ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат бойынша тұжырымдаманың жобасын әзірлеуде. Құжаттың маңыздылығы мен ұзақ мерзімділігін ескере отырып, тұжырымдаманың барлық бөлімдері бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетін болады. 

17 тамыз, 2016 - 15:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші