Тәуелсіздік жылдарында ҚазМҮББУ-де 170 мыңнан астам медициналық қызметкерлер біліктілікерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тәуелсіздік жылдарында ҚазМҮББУ-де 170 мыңнан астам медициналық қызметкерлер біліктілікерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті

ҚазҮББУ

1991-2015 жылдары ҚР ДСӘДМ Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде (әрі қарай – ҚазҮББУ) қайта даярлау мен жетілдіру курстарына 170 мың 779 дәрігер, провизорлар, орта медициналық қызметкерлер, денсаулық сақтау саласының менеджерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің  мамандары қатысты.

ҚазҰББУ-да 38 кафедра жоғарғы білім беруден кейінгі оқыту саласында қызмет етеді. Соңғы 10 жылда мамандықтар саны үш есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда магистратура 3 мамандық, резидентура 27 мамандық бойынша білім береді. Аталған бағыттар ашылғаннан бастап 7 жылдың ішінде 159 магистрант пен 919 резидент дайындалды.

ҚазҰББУ-да клиникалық бағытты дамыту аясында Клиникалық машықтар орталығы жұмыс істейді. Ол медициналық қызметкерлердің практикалық машықтарын дамыту мақсатында жоғарғы технологиялы виртуалды симуляторлар және манекендермен жабдықталған.

Алматының емдеу-профилактикалық ұйымдарында ҚазҰББУ-ның 70 клиникалық базасы бар. Онда университет мамандары емдеу-диагностикалық және консультативтік көмек көрсетеді. Соңғы 25 жылда 340 мыңнан астам паценттер емделіп, 900 мыңнан астам адамға консультативтік қызмет көрсетілді, 130 мыңнан астам адамға ота жасалды. 

ҚазҰББУ-ның бірнеше кафедралары жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 897 пациентке аталған медициналық көмек көрсетілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті практикалық денсаулық сақтау саласы үшін дипломнан кейінгі мамандарды дайындау бойынша білім беру орталығы болып кесептеледі.

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің оқыту-клиникалық кафедраларында жоғары мамандандырылған профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың 63%-ында ғылым докторлары мен кандидаттары атағы бар. Оның қатарында 3 ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 2 ҚР ғылым саласының құрметті қайраткері, 2 ҚР еңдегі сіңген  дәрігері, 12 ҚР және шетел салалық ғылым академиясының мүшелері бар.

Университет медициналық ұйымдармен, ЖОО-мен, Финляндия, Германия, АҚШ, Швеция, Оңтүстік Корея, Шотландия, Австрия және ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық орталықтарымен бірлесе отырып жұмыс істейді. Бұл білім беру, ғылым, емдеу процестеріне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге мүмкіндік берді. 

18 тамыз, 2016 - 11:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші