«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер тағы 5 облыстың шалғай аудандарына барады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер тағы 5 облыстың шалғай аудандарына барады

Денсаулык жолы

22-31 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (бұдан әрі - ЖМК) Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Маңғыстау облыстарының шалғай аудандарына барады.

Бұл күндері ЖМК Қызылорда облысы Арал ауданының «Қаратерең», «Аманөткел», Жалағаш ауданының  «Мақпалкөл», «Ақарық», Сырдария ауданының «Шаған», «Ақжарма»,  Жаңақорған ауданының «Сунақата», Шиелі ауданының «Еңбекші», «Қосүйенкі», «Жиделі арық» дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

22-26 тамыз күндері Павлодар облысы Железинск, Май аудандырының тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

Осы кезеңде Маңғыстау облысты Қарақиян ауданы Құрық ауылының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп,  окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог және педиатр мамандарының кеңесін алатын болады.  

25 тамызда құрамында кардиолог, фтизиатр, жалпы практика дәрігері және клиникалық зертхана мамандары бар медициналық бригаданың Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылына баруы жоспарлануда.

Осы күні жылжымалы медициналық кешендер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Тассай ауылына,  Глубоковск ауданының Солнечный ауылына барады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.   

 

19 тамыз, 2016 - 14:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші