X
egov

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында сіреспемен сырқаттану 7,5 есеге төмендеді

столбняк

Қазақстанда соңғы 25 жылда вакцинациялаумен кең көлемді қамту шаралары нәтижесінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында сіреспемен сырқаттанудың бірде бір жағдайы тіркелген жоқ. Ал ересектер арасында 7,6 есеге (1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 15 жағдайдан 2015 жылғы 2 жағдайға дейін) төмендеді.

Сіреспе - қоздырғышы байланыс механизмі арқылы (оттексіз ортада өмір сүретін грамм оң таяқшалары) берілетін, орталық нерв жүйесінің белгілі құрылымының зақымдалуымен сипатталатын, қаңқа бұлшық еттерінің құрысулық тартылуы және тырыспа түріндегі зооантропоноздық жіті инфекциялық ауру.

Адам сіреспенің уытын сезгіш келеді, бірақ оған қарсы табиғи иммунитеті болмайды. Көбінесе сіреспе жеңіл тұрмыстық жарақаттанулардан кейін пайда болады. Сырқаттанған адамдар әдетте медициналық көмекке жүгінбейді, жұқтырудың негізгі себебі көбіне табанның зақымдалуына байланысты.

Инкубациялық кезеңі 4-14 күнді құрайды, кейбір жағдайларда 30 күнге дейін жетуі мүмкін. Клиникалық ағынның ауырлығы инкубациялық кезеңнің ұзақтығына тәуелді болуы мүмкін, ол аз болған сайын сырқаттың ауырлығы күшейіп, өлім жағдайлары арта түседі.

Сіреспенің алдын алудың негізгі әдісі – вакциналау. Ұлттық екпе күнтізбесіне сай балаларды вакциналау 2 айдан бастап үш реттік АКДС вакцинасымен егіледі. Бірінші қайта вакциналау баланың 18 ай кезінде жасалады, әрі қарай 6 жасында, содан кейін әрбір 10 жылда өткізіледі.  

Тері жабыны тұтастығының және шырышты қабықшаның бұзылуымен жарақаттанғандар, зақым алған адамдар жоспарлы түрде екпе алулары керек.  

Екпе егілмеген, сіреспемен сырқаттанған адамдар азапты өлімге душар болады.

26 тамыз, 2016 - 12:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші