X
egov

You are here

Т. Дүйсенова ҚР ДСӘДМ қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтады

День Конституции

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова қызметкерлерді аталған мерекемен құттықтады.

«Бұл күн - әрқайсымыз үшін ерекше күн. Себебі, біз күнделікті құқықтық және саяси мәдениетіміздің көрсеткіші болып табылатын еліміздің негізгі Заңында көрсетілген кепілдендірілген азаматтық еркіндігімізге жүгінеміз.

Конституция күні – айтулы мереке. Сонымен бірге, аталған заңның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындау сәті.

Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін жаңа белестерді бағындыру - бізді жаңа табыстарға жетелесін!» - деді Тамара Дүйсенова.

Салтанатты шара барысында ҚР ДСӘДМ-де өз еңбек жолын бастаған 11 жас маман мемлекеттік қызметкерлердің антын қабылдады, «Нұр Отан» партиясының құрамына өтуге ниет білдірген 4 қызметкер партиялық билеттерге ие болды.

Салтанатты жиын соңында Тамара Дүйсенова дәстүр бойынша бірінші сыныпқа баратын министрлік қызметкерлерінің балаларына және «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне портфель тарту етті.

1 қыркүйек, 2016 - 15:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші