Биыл Жамбыл облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 53 әлеуметтік нысан жөнделеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл Жамбыл облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 53 әлеуметтік нысан жөнделеді

ДКЗ 2020

2016 жылы Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 53 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 53-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 31 – білім беру, 22 – денсаулық сақтау инфрақұрылым нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1004 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 509 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 45 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 801 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 424 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 

 

31 тамыз, 2016 - 14:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші