Қазақстанда «Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігі басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда «Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігі басталды

Внимание, светофор!

Бүгін Қазақстанда жолдағы жарақаттану мен өлім-жітімнің көрсеткішін төмендету мақсатында ҚР ДСӘДМ салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен жол-көлік жарақаттануларының алдын алудың жыл сайынғы «Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігі басталды.

Онкүндік аясында республиканың барлық аймақтарында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар өткізіледі.

ҚР ДСӘДМ травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, жыл сайын республикада жол-көлік апаттары салдарынан (әрі қарай - ЖКА) 3 мыңға жуық адам қайтыс болып, 25 мыңдай адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттанулар алады, сонымен бірге, орта есеппен 1 мың адам мүгедекке шалдығады.  ЖКА-дан болатын өлім сыртқы себеп-салдардан болатын өлім көрсеткішінің 20%-ын құрайды, оның ішінде 76,5%-ы оқиға орнында немесе тасымалдау кезінде қайтыс болады. 2015 жылы ЖКА нәтижесіндегі жарақаттанудан болатын өлім  19%-ға, мүгедектік 20%-ға төмендеді.

ЖКА-дан зардап шеккен азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін республикалық маңызы бар автожолдарда медициналық-құтқару пункттері құрылды.

Қазақстанда мүгедектік пен өлім жағдайларының орын алмауы мақсатында жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Ол халықты әлеуметтік қолдау, оңалту, диспансерлік бақылау, емдеу мен алдын алу кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

1 қыркүйек, 2016 - 10:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші