Астанада Қазақстан мен Финляндия арасындағы медициналық білімді жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада Қазақстан мен Финляндия арасындағы медициналық білімді жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды

медициналық білімді

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртановтың, JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеті басқармасы басшыларының, Қазақстанның медициналық ЖОО мен колледждері жетекшілерінің және т.б. қатысуымен «Медициналық қызметтер мен медициналық білім беруді жетілдіру бойынша Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы» атты дөңгелек стол өтті.

Шараға қатысушылар Қазақстан мен Финляндияның жоғарғы білікті медициналық кадрларды дайындаудағы, олардың денсаулық сақтау саласындағы рөлі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін тиімді үйымдастыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Елжан Біртанов халықаралық стандарттар негізінде медициналық кадрларды оның ішінде мейіргерлік іс мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру – Қазақстан халқына көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап айтты.

Дөңгелек стол аясында «Орта медициналық қызметкерлер мен фармацевтерді даярлау мен қайта дайындау республикалық колледжі» РМҚК директоры Найля Рузденова, Астана әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКҚ директоры Ақбала Саржанова, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы  Аила Палониеми мен Lahti қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Кари Салми денсаулық сақтау саласы мен мейіргерлік істі дамыту бойынша өзара түсіністік пен стратегиялық ынтымақтастық туралы  Меморандумға қол қойды.

Аталған құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын қарастырады: медициналық білім беру ұйымдарындағы менеджментті жетілдіру; білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен педагог кадрлардың әлеуетін арттыру және ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстарды жетілдіру. 

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның 10 медициналық колледжі, оның ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларының қатысуымен әзірленген «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында (Астана қаласының медициналық колледжі, Көкшетау медициналық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін дайындау мен қайта даярлау колледжі, Батыс Қазақстан медициналық колледжі) бастады. 

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оның ішінде оқу сағаттарының 60-70%-дан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердіің басшылығымен емханалық базада өндірістік практиканы жүзеге асыру да бар. Аталған бағдарлама ЕуроОдақ елдерінде кеңінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған.

«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды  мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады.

Биыл фин және отандық мамандар «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарлама бойынша бұдан бұрын білім алған мейіргерлер бір жарым жылдың ішінде қосымша оқу арқылы өз кәсіби машықтарын дамыта алады.

Біріктірілген бағдарлама бойынша оқыту эксперименталды тәртіпте жоғарыда аталған 6 медициналық колледжде 2016 жылғы қыркүйек айынан басталды. Бағдарлама бойынша 150 адам (әрбір колледжде 25 орыннан) тегін оқытылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 26 мемлекеттік және 37 жеке медициналық колледж бар. Олар жыл сайын орта есеппен 12 мың орта буын медқызметкер дайындайды. Бүгінде орта медперсонал сала қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды, орадың саны шамамен 160 мың маман.

22 қыркүйек, 2016 - 18:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші