Қазақстанда 2016 жылы санвиация 1,4 мыңнан астам ұшырылым жасады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда 2016 жылы санвиация 1,4 мыңнан астам ұшырылым жасады

санавиация

Ағымдағы жылғы 8 айда ҚР ДСӘДМ Республикалық санитарлық авиация бригадалары 1408 ұшырылым жасап, 1740 медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 1365 науқас тасымалданып, 289-іне кеңес берілді және 86 ота жасалды.

Тасымалданған пациенттердің 70%-ы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30%-ы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылды.

Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін Пусан (Оңтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Анталия (Түркия), Измир (Түркия), Прага (Чехия), Бішкек (Қырғызстан), Мәскеу (Ресей) қалаларынан 7 ұшырылым жасалып, тасымалданды.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, акушерлік-гинекологиялық патологиялар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. 

Сонымен бірге, 2016 жылдың 8 айында санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оның ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық көмек көрсетті.

Республикалық санитарлық авиация орталығының жұмыс істеу мерзімінде аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл әрі уақытылы көрсетілуі нәтижесінде, мамандарды еліміздің шалғайдағы аудандарына жеткізу, сырқат адамдарды сонымен бірге, ағзаларды әрі қарай трансплантациялау мақсатында тасымалдау арқылы мыңдаған адамның өмірі сақталды.

5 қыркүйек, 2016 - 12:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші