Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді

строительство

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласының 60 нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде 25 нысан «350 дәрігерлік амбулатория (әрі қарай - ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалардың құрылысы» жобасының аясында, 35-і жергілікті атқарушы органдар өтінімінің негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынуда.

Аталған жобаның аясында 32 емхана, алғашқы медициналық-санитерлық көмек орталықтары мен 318 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы қарастырылған. 2016 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, 325 нысанның немесе жоспарланған нысанның 93%-ның құрылысы аяқталды.

Қазіргі таңда 8 нысанды пайдалануға беру бойынша (бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы емхана, бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылындағы ДА, бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын Қарағанды облысы Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра мен Шет аудандарындағы 6 ДА) қабылдап алу актілеріне қол қою шаралары өткізілуде. Сонымен қатар, 17 нысанның құрылысын аяқтау мен пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, қазіргі таңда «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар құрылысы» жобасының аясынан бөлек жергілікті атқарушы органдардың өтінімі негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау саласының 49 нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде ағымдағы жылы 35 нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылы 14 нысан берілмек. 

Биыл пайдалануға берілетін медициналық нысандардың 5-уінің құрылысы аяқталды: Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухана, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Исатай ауданы Жанбай ауылындағы дәрігерлік амбулатория, бір ауысымда 300 адамды қабылдайтын Қостанай қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер емханасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас ауылындағы емхана. Басқа нысандар бойынша құрылыстарды аяқтау мен пайдалануға беру шаралары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы нысандарының құрылысы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің үнемі бақылауында екенін атап айтқан жөн.

13 қыркүйек, 2016 - 09:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші