ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы биыл сырқаттанған адамдарды емдеудің 130-дан астам хаттамасын қабылдады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы биыл сырқаттанған адамдарды емдеудің 130-дан астам хаттамасын қабылдады

комиссия МЗСР РК

2016 жылдың 8 айында ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясының (әрі қарай - Комиссия) 10 отырысы өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша сырқаттанған адамдарды емдеу, оңалту мен диагностикалаудың 134 клиникалық хаттамасы қабылданып, 18 медициналық технология (кардиология, онкология, офтальмология, нейрохирургия, гастроэнтерология саласындағы емдеу тәсілдері), сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 3 стандарты мақұлданды (оториноларингологиялық және сурдологиялық, стоматологиялық, патологоанатомиялық диагностика мен клиникалық цитология).

Жоғарыда аталған клиникалық хаттамаларды әзірлеуге кәсіби медициналық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

ҚР ДСӘДМ-нің клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша қызметін медициналық бірлестіктерге беру мақсатында дәлелді медицина, клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен енгізу мәселелері бойынша кәсіби бірлестіктердің 204 өкілі оқытылды.

Естеріңізге сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 82 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдың 30 қарашасында Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіби бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері кіреді. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат -  емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау.

Комиссия бірінші кезеңде ҚР ДСӘДМ жанындағы ұсынымдар жасайтын консультативтік-кеңестік орган ретінде қызмет ететін болады. Екінші кезеңде комиссия өз құзыреттілігі шеңберінде шешім қабылдай алатын, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау, медициналық білім беру саласындағы, дәрілермен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер қолжетімділігі стандарттарын әзірлейтін, сонымен қатар, оның жүзеге асырылуын бақылап, бағалайтын орган болмақ.  

Сонымен бірге, жаңа орган медициналық қоғамды азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге шақыратын болады. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді. 

8 қыркүйек, 2016 - 11:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші