380-нен астам қазақстандықтар соңғы 5,5 жылда шетелде емделуге жіберілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

380-нен астам қазақстандықтар соңғы 5,5 жылда шетелде емделуге жіберілді

Лечение за рубежом

2011 жылдан бастап 385 Қазақстан азаматы мемлекеттік қаражат есебінен шетелге емделуге жіберілді.

Қазақстандықтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелері бойынша Жұмыс органы құрылып, Бюджет қаражаты есебінен ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу туралы ережелер (әрі қарай - Ережелер) бекітілді

2015 жылғы 30 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бекіткен бұйрығы бойынша қолданыстағы Ережеге сай Қазақстан азаматтарының келесі санаттары шетелге жіберіледі:

1. Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар 0 мен 18 жас аралығындағы балалар;

2. Кәмелетке толған азаматтар 8 нозология бойынша:

- Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері;

- Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер;

- Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.
- Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері;

- Кератопротездеу;

- Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар;
- Өңеш стеноздары;

- Трахея стеноздары;

3.      ҚР Президенті пен Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін орындау барысында ауыр жарақаттар алып, Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар мертіккен құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлері ерекше жағдайларда.

Сырқаттанған адамды шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда Жұмыс органы Қазақстан азаматына барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін емхананы қарастырады.

Сонымен, 2011 жылы шетелге 78 пациент, оның ішінде 17 ересек және 61-і бала жіберілді. 2012 жылы - 64, оның ішінде 17 ересек, 47 бала, 2013 жылы – 64 (18-ересек, 46-бала) адам, 2014 жылы – 70 (45 ересек, 25 бала), 2015 жылы – 57 (30 ересек, 27 бала) адам жіберілді.

2016 жылы шетелдік емхананы анықтау бөліміне аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларынан 176 өтішніш келіп түсті. ҚР азаматтарын шетелдік медицниалық ұйымдарға емделуге жіберу бойынша Комиссияның 11 отырысы өтті. Комиссия келесі шешімді қабылдады: 52 пациентті шетелге жіберу, 12-не Қазақстандағы шеберлік сыныптары аясында емдеу, 80 пациентті Қазақстандық медициналық ұйымдарында емдеу. Өзге өтінімдер қарастырылып жатыр.

 Соңғы жылдары қазақстандықтар үшін еліміздегі жаңа қымбат медициналық технологиялар қолжетімді болып отырғанын атап айту керек. 2010 жылы республикада диагностикалау мен емдеудің 40-қа жуық жаңа технологиясы енгізілді. 2015 жылы оның саны 120-дан асты. Отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру мен тәжірибесін мақсатында үздік шетелдік мамандарды шақыру арқылы шеберлік сыныптарын өткізу тәжірибесі енгізіліп отыр.

Шетелде өздігінен емделуге кеткен Қазақстан азаматтары көрсетілген медициналық қызметтер шығынын мемлекет қаржысы есебінен төленуін талап ете алмайды.

14 қыркүйек, 2016 - 11:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші