X
egov

You are here

307 мыңнан астам қазақстандықтарға «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді

Денсаулық жолы – 2016

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, «Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарының қызметкерлері) 307 мың 965 адамды медициналық тексеруден өткізді.

119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.

98 мың 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 мың 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20 мың 982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8 мың 781 адамда темекі шегу, 3939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 мың 262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.

8167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5 мың 494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 мың 673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды.

Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.   

Сонымен бірге, СӨСҚ аймақтық орталықтары өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Оның ішінде 202 мың 201 адамды қамтыған 169 акциялар; денсаулық мектептеріндегі 849 сабақ; 24 конференция; 72 дөңгелек стол; 388 семинарлар мен тренингтер; 500 ашық есік күндері; 27 спорттық шаралар; 28 мыңнан астам дәрістер, сауалнамалар мен әңгімелесулер болды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады. 

16 қыркүйек, 2016 - 09:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші