X
egov

You are here

ДСӘДМ қызметкері мемлекеттік қызметшілер арасында өткен республикалық тіл сайысының жеңімпазы атанды

конкурс

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің сарапшысы Құдайберген Шыңғыс Астанада өткен  мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауына қатысып, 1-орынды иеленді.

Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау, үштілділікті насихаттау, 

30 қатысушының шеберлігі  үш айналымда сыналды. Үміткерлердің өнері қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру, қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру сияқты айналымдарда анықталды.

Байқау қатысушыларының жұмысын тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен құрылған қазылар алқасы  бағалап, жеңімпаздарды анықтады.   

16 қыркүйек, 2016 - 20:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші