X
egov

You are here

Адамдардың медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

недостоверна

Whats аpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан адамдардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 2016 жылғы 19 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ.   

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін whats app мессенджері мен әлеуметтік желілерде осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат бірнеше рет таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.   

19 қыркүйек, 2016 - 15:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші