Қазақстандық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарын бос орындар жайлы міндетті түрде ақпараттандыру керек | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстандық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарын бос орындар жайлы міндетті түрде ақпараттандыру керек

 вакантные места

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық жұмыс берушілер бос орындар (болған жағдайда) туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» №532 бұйрығында жұмыс берушілер есебінің екі үлгісі қарастырылған.

Бірінші үлгіде меншік түріне қарамастан барлық жұмыс берушілердің бос жұмыс орны (бос лауазым) пайда болған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту органдарына ақпарат жiберуге міндеттелетіні қарастырылған.

Бұл талап Қазақстанда заңды түрде 1998 жылдан бастап бекітілген (1998 жылғы 30 желтоқсандағы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңдары).

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы ұсынбаған болса немесе мүлде бермесе, оларға 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 98 бабында көрсетілген 10 айлық есеп көрсеткіші көлеміндегі айыппұл салынады.

Екінші үлгіде жұмыс берушілердің еңбек нарығының бірегей ақпараттық базасы мен білім беру ұйымдарын қажетті кадрларды дайындауға бағыттау мақсатында сұранысқа ие мамандықтар бойынша болжалды жұмыс орындарын құру туралы есеп беруі қарастырылған.

Есептің аталған түрін жұмыс берушілер қызметкерлер мен мамандардың болжалды қажеттілігі туралы ақпарат болған жағдайда ғана ұсынады. Болжалды жұмыс орындары туралы ақпаратты бермеген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылмайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» №532 бұйрығы ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесі мақұлдағаннан соң қабылданғанын атап айту керек. Құжат туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,  Қазақстан табиғат пайдаланушыларының тұрақты даму қауымдастығының, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешенінің ұйымдары қауымдастығының, «Еуразия медициналық қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі және тағы басқа аккредиттелген ұйымдардың  жағымды ұйғарымдары бар. 

19 қыркүйек, 2016 - 18:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші