ҚР ДСӘДМ МФҚБК аймақтық департаменттеріне сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайту тапсырылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ МФҚБК аймақтық департаменттеріне сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайту тапсырылды

коррупционные риски

ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінде (бұдан әрі – МФҚБК) комитеттің барлық қызметкерлері және аймақтық департаменттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы селекторлық кеңес өткізілді. МФҚБК төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак барлық құрылымдық бөлім басшыларына өз жұмыстарында сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін азайтуды тапсырды. 

МФҚБК аймақтық департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою шараларын қабылдау бойынша жұмыс үнемі бақылауда екенін атап өтті.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста ерекше назарды тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға аудару қажет.  Құрылымдық бөлімшелердің жұмысында сыбайлас жемқорлық қауіптерін, оның ішінде превентивтік шараларды (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қауіптерін ішкі талдау) қолдану жолымен азайту керек», - деді Лариса Пак.

Кеңестің қорытындысы бойынша ол құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жемқорлықтың орын алу себептері мен формаларын талдауға ерекше назар аудару керектігін, қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізу керектігін ұсынды. 

21 қыркүйек, 2016 - 12:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші