X
egov

You are here

Т. Дүйсенова 4 аймақтың спикерлеріне медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндірді

медстрахования

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының аймақтық штаб мүшелеріне селекторлық тәртіпте семинар өткізді.

ҚР ДСӘДМ басшысы медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің себептері бойынша қажетті ақпарат берді. Оның айтуынша, аталған жүйені енгізу – ең алдымен медициналық көмек көрсету стандарттарының ЭЫДҰ елдері деңгейінде болуын қамтамасыз етуді көздеп  отыр.

«Міндетті медициналық сақтандыру – дамыған елдердегі денсаулық сақтау жүйесі қызмет етуінің негізгі базасы болып отыр. Сондықтан біз халықтың сұранысына сай болатын жақсы медицина, жоғарғы сапалы медициналық қызметтер – бұл сақтандыру медицинасы екенін түсінуіміз қажет», - деді Тамара Дүйсенова

МӘМС-тің артықшылықтарын айта отырып, ол қоғамда денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне арналған мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеуі немесе қысқартылуы туралы пікір қалыптаспауы керек екендігін атап айтты.

«Мемлекет құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалады. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына  халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн. азаматы үшін экономикадағы орташа жалақының 7%-дық мөлшерлемесімен жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады. Осылайша, егер 2017 жылы еліміздің денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемі 915 млрд. болса, медициналық сақтандыру бойынша жарна есебінен біз қосымша 200 млрд. теңге алуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаражат аймақтардың медициналық емханаларындағы жоғары мамандандырылған қызметтерді дамытуға, сырқаттанған адамдардың арнайы санаты қажет ететін паллиативті және оңалту көмектерін ұлғайтуға  жіберілетін болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Медициналық ұйымдарды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін айта келе, ҚР ДСӘДМ басшысы медициналық қызметтердің сапасын арттыруды ынталандырмайтынын, барлық ауруханалар ешбір өзара бәсекелестіксіз белгіленген нормативтер бойынша қаржыландырылатынын мәлімдеді.

«Медициналық сақтандыру қоры іске қосылғаннан кейін қаржыландырудың басқа қағидасы қолданылатын болады. Қаржыны нақты диагностика жасайтын және үздік емдеу шаралары қызметтерін көрсететін жақсы мемлекеттік немесе жеке меншік иесіндегі емханалар алатын болады», - деп атап айтты Министр.

Семинар барысында Тамара Дүйсенова аймақтық штаб өкілдерінің – медициналық ұйым басшыларының, кәсіподақ көшбасшыларының, кәсіпкерлік бірлестік мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Ол медициналық сақтандыру жүйесіне өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтардың қатысуына ерекше мән беріп, қызметкерлері демалыс күнінде, ақысыз демалыс күнінде, жалақы бойынша қарыздары бар проблемалы кәсіпорындардағы сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі туралы түсініктеме берді.

«Жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесі әкелетін экономикалық  тиімділікті түсінулері керек. Жыл сайын Қазақстанда 2,6 млн. кәсіпорын қызметкерлері жұмысқа жарамсыздық анықтамасын рәсімдейді, жұмыс берушілерге қызметкерлердің сырқаттанулары әкелетін орташа шығын көлемі 370 млрд. теңге болып отыр», - дей келе, медициналық сақтандыру жүйесінің жалпы ел экономикасына тигізер пайдасын алға тартты.

Сонымен бірге, Министр қызметкерлер медициналық сақтандыру жағдайында медициналық көмектің толық көлемін алу үшін жұмыс берушілерден әлеуметтік аударымдарды үнемі талап етіп отырулары керектігін айтты. 

Бұрындары хабарланғандай, ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысы аймақтық штабының мүшелері үшін семинар өткізді.

21 қыркүйекте Тамара Дүйсенова Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының өкілдеріне МӘМС-тің негізгі қағидаларын түсіндіреді.

22 қыркүйекте Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы аймақтық штаб мүшелері семинарға қатысады.

23 қыркүйек күні семинар Атырау мен Ақтөбе облыстарына арналмақ.

26 қыркүйекте оқыту семинарлары Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Астана және Алматы қалалары үшін өтеді.

Оқыту шаралары аяқталған соң, аймақтық штаб мүшелері 1 қазаннан бастап халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Олар жұмыс берушілермен, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, бюджеттік сала қызметкерлерімен, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі түрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде. 

21 қыркүйек, 2016 - 17:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші