Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында ҚР ДСӘДМ-нің ведомствоға бағынысты ұйымдарында Тілдер фестивалі өтуде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында ҚР ДСӘДМ-нің ведомствоға бағынысты ұйымдарында Тілдер фестивалі өтуде

Дня языков

2016 жылғы 21-29 қыркүйек аралығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомствоға бағынысты ұйымдарында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Тілдер фестивалі өтуде.

Фестивальдің бағдарламасы бірнеше байқаулардан тұрады. Мәселен, ұлттық киімдер көрмесі, халық ауыз әдебиеті бойынша байқау, музыкалық сайыс, сахналық қойылым, сонымен бірге, үздік ұлттық тағам мен Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері бойынша байқаулар. 

Өткізілетін шаралардың басты мақсаты – ұлттық тілдерді дамыту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, тарихын сақтау, қазақстандықтардың бірлігі мен достастығын нығайту.

Байқаудың жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің 20.01.1998 ж. бекітілген Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер мен атаулы күндердің тізіміне сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні болып белгіленді. 

22 қыркүйек, 2016 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші