ҚР ДСӘДМ XV жазғы Паралимпиада ойындарының қазақстандық жеңімпаздарын құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ XV жазғы Паралимпиада ойындарының қазақстандық жеңімпаздарын құттықтады

XV жазғы Паралимпиада ойындары

Бүгін таңертең ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері Астана қаласының әуежайында 5-19 қыркүйекте Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын қарсы алып, құттықтады.

Биыл Қазақстанның паралимпиадалық құрамы ел тарихында алғаш рет алтын және күміс жүлделерді жеңіп алды.

Біздің елімізде физикалық мүмкіндігі шектеулі жандарға зор көңіл бөлінеді. 2015 жылы Қазақстан мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады. Физикалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейіндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылып келеді. Мүгедектердің әлеуметтік қорғауға, білім алуға, медициналық көмекке, еңбекке, баспанаға, транспортқа қолжетімділік, ақпаратқа деген және т.б. құқықтары жүзеге асырылуда.

Жыл сайын мүгедектерді әлеуметтік қолдауға мемлекеттік бюджеттен 200 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінеді.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа техникалық қосымша жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2017-2018 жылдарға қосымша 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік,  Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша Зульфия Габидуллина 100 м қашықтыққа еркін жүзуде жүлдеге ие болып, 50 метрге еркін жүзуде төртінші орынға табан тіреді. 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуде спортшымыз алтыншы көрсеткіш көрсетті. Раушан Қойшыбаева 67 кг дейін салмақ категориясында пауэрлифтинг бойынша қанжығасына күміс жүлде байлады. Келесі жүзу спортшымыз Әнуар Ахметов жүлдеге бір қадам жете алмай, 100 м брасспен жүзуде төртінші орын алды. Бүгін Рио-де-Жанейродан ҚР паралимпиадалық құрамының 11 спортшысы келді. 

26 қыркүйек, 2016 - 11:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші