X
egov

You are here

Оралда Қазақстандағы мейіргерлік істі дамыту мәселелері талқыланды

развитие сестринского дела

Бүгін Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжінде ҚР ДСӘДМ, БҚО білім беру және денсаулық сақтау саласы басқармалары өкілдерінің, облыстағы медициналық ұйымдары бас дәрігерлерінің, Қазақстан мен Ресей медициналық колледждері оқытушылары мен басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік білім беруді жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Шара аясында заманауи денсаулық сақтау жүйесін құрудағы мейіргерлік іс мамандарының атқаратын қызметі мен ролі, орта медициналық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлау жүйесіне дуальді білім беруді енгізу мәселелері қарастырылып, практикалық денсаулық сақтау мен мейіргерлік білім беру ісінің өзара ықпалдастығы, сонымен қатар, мейіргерлік білім беру ісі жүйесіндегі қолданбалы бакалавриатты дамыту перспективалары талқыланды.

Конференция қатысушылары қабылдаған резолюцияны жүзеге асыру мейіргерлік іс мамандарының кәсіби деңгейін айтарлықтай арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мейіргерлік іс мамандары барлық деңгейлерін дайындаудың оқыту бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

26 қыркүйек, 2016 - 09:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші