X
egov

You are here

Алматыда туберкулезбен күрес мәселелері талқылануда

туберкулез

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция (әрі қарай - Конференция) өз жұмысын бастады.

Шараға ҚР ДСӘДМ, Орталық Азия, Қытай, Белорусь, Ресей, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея туберкулезбен күресу ұлттық орталықтарының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), USAID, ЖИТС/АИТВ, туберкулез және безгекпен күрес бойынша жаһандық күрес қорының, Project HOPE халықаралық ұйымының, АҚШ Ратгерс Университетінің аурулардың алдын алу мен оны бақылау орталығы және өзге де халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.  

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды.

Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағыттарын қарастырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Туберкулезбен күрес халықаралық одағының саясатын ұстана отырып, Қазақстанда туберкулезбен күресу шаралары алғашқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай - МСАК) жүйесімен біріктірілді. Мемлекет туберкулезбен сырқаттанған адамдарға қажетті жеткілікті қаражат бөліп отыр. Инфекциялық бақылау шаралары күшейтілді. Аталған ауруды диагностикалаудың инновациялық жеделдетілген үлгілерін енгізу жалғасуда», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Екі күннің ішінде конференцияға қатысушылар 2016-2035 ж. арналған «EndTB» ДДСҰ стратегиясын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру мәселелерін, оның ішінде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді емдеу мен диагностикалаудың жеделдетілген үлгілерінің қолжетімділігін арттыру, пациенттер мен дәрігерлердің ортақ жауапкершілігін ұлғайту мәселелерін талқылайды.

Бүгін Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығында Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының және облыстық туберкулез диспансерлерінің басшыларымен селекторлық тәртіпте жиналыс өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, туберкулез қоғамдық денсаулық сақтау саласының, әсіресе, Еуро-Азия аймағындағы елдердің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сай, жыл сайын әлемде туберкулезбен 8,5 млн.-ға жуық адам сырқаттанады. Оның ішінде көптеген дәрілерге төзімді 500 мыңнан астам жағдай тіркелсе, аталған аурудан 1,3 млн. адам қайтыс болады.

Туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайып, өлім-жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеді. 

26 қыркүйек, 2016 - 15:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші