X
egov

You are here

Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияның алдын алу айлығы басталды

орви

2016 жылғы 26 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда жедел респираторлық вирустың (әрі қарай - ЖРВИ), тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы өтеді. Айлық шеңберінде алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтар аталған аурулардың профилактикасы бойынша тегін кеңес ала алады. 

Айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары адамдарды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру.

Тұмау – ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы дене қызуы, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың ауруы байқалып, одан кейін мұрын бітеліп, жөтел пайда болып, тамақ ауыра бастайды. Дәрігерге дер уақытында қаралмау, оның тағайындаған емін қабылдамау, қосымша созылмалы аурулардың болуы өкпенің қабынуы, бронхит, бронхопневмония сияқты ауыр асқынуларға әкеліп, өлімге себепші болуы мүмкін. 

Қорғаныс маскасын қолдану, қолды жиі жуып тұру немесе зарарсыздандыратын ерітінділермен тазалау, ғимараттарды желдетіп тұру, оны ылғалды тазалау, сырқаттанған адаммен байланысты шектеу – ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияны жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.

Вакциналау – инфекцияның алдын алудың ең тиімді тәсілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, тұмауға қарсы екпені жүкті әйелдерге, 6 ай мен 5 жас аралығындағы балаларға, 65 жастан жоғары ересек адамдарға, созылмалы аурулары бар азаматтарға және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жасау керек.

Естеріңізге сала кетейік, халықтың осал топтарының өкілдеріне – өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларының созылмалы түрлерімен, иммунитет тапшылығы бар, жиі ауыратын және денсаулығы әлсіз балаларға, медициналық қызметкерлер мен жүкті әйелдерге бюджет қаражатының есебінен вакцина жасалады. Сонымен бірге, вакцина жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

27 қыркүйек, 2016 - 10:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші