X
egov

You are here

Алматыда сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылады

туберкулез

Бүгін Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері өкілдерінің қатысуымен еларалық жұмыс тобының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты үшінші аймақтық кездесуі өтті.

Отырыс қатысушылары Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау, емдеу және алдын алу жөнінде ынтымақтастық туралы еларалық келісімді әзірлеу бойынша Жол картасын іске асыру шараларын жөнінде хабарлады. Сонымен қатар, оларға мигранттарды өз елдерінен шығар алдында дайындау бойынша ұсынымдар жасалды.   

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысушыларға келісім бойынша жүргізілген жұмыс барысы туралы хабарлады.

Жиынның қорытындысы бойынша жоғарыда аталған құжатты дайындау жөнінде әрі қарай жүзеге асырылатын іс-шаралар резолюциясы қабылданды.

«Келісімге қол қою – аймақтағы туберкулезді трансшекаралық бақылау, емдеу және алдын алу бойынша тиімді өңірлік ынтымақтастық тұрғысынан зор мәнге ие. Сонымен бірге, біз құжаттың қолданыстағы тетіктерді құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Еларалық жұмыс тобы бірнеше ай бойы еңбек етіп келеді. Жобалар 2016 жылғы сәуір және маусым айларында өткен бірінші және екінші отырыстарда талқыланған болатын, мен барлық қатысушыларға атқарылған сындарлы жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Project HOPE аймақтық директоры Мариам Сианозова.

Естеріңізге сала кетейік, Еларалық келісімді әзірлеу мен оған қол қою – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Project HOPE үкіметтік емес ұйымының 2015 жылғы қарашада Астанада өткізген жоғарғы деңгейдегі аймақтық кездесуде қабылданған 12 айға арналған Жол картасы/Іс-шаралар жоспарының бір бөлігі болып табылады. 

28 қыркүйек, 2016 - 20:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші