2016 жылы қарт азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 7,4 млрд-тан астам теңге бөлінді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылы қарт азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 7,4 млрд-тан астам теңге бөлінді

пожилые граждане

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қарттарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы» атты брифингте ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев мәлімдеді.

Сөз басында ол мемлекеттік әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі – әрбір азаматты қартайған шағында лайықты қамсыздандыру екенін атап айтты.

«Ағымдағы жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 6,2 млрд. теңге шамасында қаражат бөлініп, сонымен қатар, 1,2 млрд-қа жуық қаражат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бағытталды», - деп хабарлады Арман Өмірбаев.

4,1 млрд. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекті 186,6 мың адам алды, 1,4 млрд.теңге 950 мың қарт азаматтарды жалпы қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз ету үшін бөлінді. 24,4 мың адам 116,3 млн. теңгеге жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 14,4 мың азаматқа санаторлық-шипажайлық емдеуге 1 млрд. теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ, 687,3 млн. теңге тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге, тісті протездеуге және көмектің басқа да түрлеріне бағытталды.   

«Қазақстанда жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында 343 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істеуде. Онда 35 мыңнан астам жалғызбасты еңбекке қабілетсіз қарт азаматтарға қызмет көрсетіліп келеді. Өз өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтар үшін республикада 10 оңалту орталығы жұмыс істейді (күндізгі бөлім), онда 3 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетіледі, сонымен қатар, 6,9 мыңнан астам азамат тұратын қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 49 медициналық-әлеуметтік ұйымдар жұмыс істейді», - деп хабарлады Арман Өмірбаев.

Қазақстанда халықтың ересек тобы арасында әлеуметтік маңызы бар ауруларды: қан айналым жүйесі ауруларын, қант диабеті, глаукома, жатыр мойны, сүт бездері обырын анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Аймақтарда асқазан мен өңеш, бауыр, тік ішек пен тоқ ішек, қуықалды без обырлары скринингтік бағдарламалары енгізілді.

Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі аясында еркін таңдау қағидасы бойынша қарт азаматтар республиканың кез келген медициналық ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады. 

2011 жылдан бастап барлық емханаларда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар қызмет етуде. Олар ерекше ықыласты қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмекпен қатар, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді.

Созылмалы аурулары бар адамдарды тұрақты патронажбен қамтамасыз ету, тағайындалған емдерді іске асыру, бекітілген учаскеде пациенттерге үй жағдайында мейіргерлік күтім жасау мақсатында, сонымен бірге, учаскелік дәрігер мен жалпы практика дәрігеріне көмек ретінде қосымша мейірбике штаттары қарастырылуда. Бұл медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда 1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты – қоғам назарын қарт жастағы азаматтардың проблемаларына аудару. Қазіргі таңда республикада 2 млн-нан астам қарт азамат бар.   

 

30 қыркүйек, 2016 - 16:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші