Т. Дүйсенова Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады

қарттар күні

Бүгін Әлем бойынша Қарттар күні атап өтілуде. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қазақстандық зейнеткерлерді аталмыш мерекемен құттықтады.

«Өмір туралы көп білетін, дана, тәжірибелі, мейірімді адамдардан артық не болуы мүмкін. Жеріміздің ең басты адамдар мерекелеріңізбен құттықтаймн! Әрқашан тек қана жақындарыңыздың ғана емес, айналадағылардың да қамқорлығына, құрметіне, түсіністігіне ие болыңыздар. Жан дүниеңіз үйлесімділікке, ал жүрегіңіз әнге тола болсын. Бүгінгі жастарыңыз сүйікті істеріңізге, демалуыңызға және өмірдің бар жақсылығын көруге кедергі болмасын. Өмір бойы еткен еңбектеріңіз үшін Сіздер құрметке, молшылыққа және саулыққа лайықсыз. Сіздерге ең бастысы денсаулық, қуаныш тілеймін, жүректеріңіз әрқашан жас болсын, өсіп келе жатқан келесі ұрпақпен данагөйлігіңізбен және тәжірибеңізбен бөлісе беріңіздер. Өмірлеріңіз тек  бақытты сәттерге тола болсын», - деп тілек білдірді Тамара Дүйсенова.

ҚР ДСӘДМ егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдауға барынша көңіл білдіреді. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 6,2 млрд. теңге шамасында қаражат бөлініп, сонымен қатар, 1,2 млрд-қа жуық қаражат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бағытталды.

4,1 млрд. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекті 186,6 мың адам алды, 1,4 млрд.теңге 950 мың қарт азаматтарды жалпы қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз ету үшін бөлінді. 24,4 мың адам 116,3 млн. теңгеге жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 14,4 мың азаматқа санаторлық-шипажайлық емдеуге 1 млрд. теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ, 687,3 млн. теңге тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге, тісті протездеуге және көмектің басқа да түрлеріне бағытталды.   

Қазақстанда жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында 343 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істеуде. Онда 35 мыңнан астам жалғызбасты еңбекке қабілетсіз қарт азаматтарға қызмет көрсетіліп келеді. Өз өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтар үшін республикада 10 оңалту орталығы жұмыс істейді (күндізгі бөлім), онда 3 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетіледі, сонымен қатар, 6,9 мыңнан астам азамат тұратын қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 49 медициналық-әлеуметтік ұйымдар жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда 1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты – қоғам назарын қарт жастағы азаматтардың проблемаларына аудару. Қазіргі таңда республикада 2 млн-нан астам қарт азамат бар.    

Тегтер:
1 қазан, 2016 - 12:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші