Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды

заболеваемость менингококковой инфекцией

Қазақстанда соңғы 25 жылда менингококк инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 743 жағдайдан (оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 611 жағдай) 2015 жылғы 424 жағдайға дейін (балалар арасында 273 жағдай) 1,75 есеге азайды.

Менингококк инфекциясы – клиникалық белгілері аурудың жеңіл түрі назофарингиттен бастап, менингит және сепсис түріндегі ауыр формаларында кездесетін жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясы көп жағдайда өлімге әкелуімен, қоршаған ортаға қарқынды әрі жылдам түрде таралуымен, ауыр асқынуларымен аса қауіпті.

Инфекцияны сырқаттанған адам мен менигококк тасымалдаушы таратады. Ауа тамшылары арқылы жұғады. Инкубациялық кезең 2 күннен 20 күнге дейін созылады, көбінесе 2-4 күн.

Сырқаттанудың 3 негізгітүрі бар: жіті назофарингит; менингококкті менингит, менингококцемия - менингококкті сепсис.

Жіті назофарингитпен сырқаттанған жағдайда дене қызуының 1-3 күнде жоғары көтерілуі, бастың ауыруы, жұтқыншақтың шырышты қыбғының қабынуы мен ісінуі, тамақтың жыбырлауы мен ауыруы, мұрынның бітеліп қалуы байқалады.

Менингитпен сырқаттану өте жіті басталады: жоғарғы дене қызуы, бастың қатты ауыруы, тамақтануға қатысы жоқ лоқсу.

Менингококцемиямен сырқаттану кезінже дене қызуының кенеттен көтеріледі, жұлдызша түріндегі дұрыс емес формадағы геморрагиялық бөртпелер, бөртпенің ірі элементтерінің ортасында некроздар пайда болып, тері мен шырышты қабатқа ірі қан құйылуы мүмкін. Тиісті емдік шаралар қолданбаған жағдайда менингококцемиямен сырқаттанған адамдар жұқпалы-уытты шоктан ауырудың 1-2 күндері өлім жағдайы болады.

Менингококкті менингитпен және менингококцемиямен сырқаттанған адамдар (сонымен бірге, аталған ауруларға күдік пайда болғанда) арнаулы бөлімдерге шұғыл түрде госпитализациялануы керек.

Менингококкті инфекциямен көбінесе (кездесетін жағдайдың 80%-ы) 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. әрбір 10-12 жылда аурудың өсуім байқалады. Бұл ұжымдық иммунитеттің төмендеуі мен қоздырғыштың ауысуына байланысты.

Тиімді емдеудің негізі – ауруды ерте кезеңде диагностикалау. Менингококкті инфекцияны алдын алу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ статусына қарамастан аталған ауруға эндемиялы елдерге баруды жоспарлаған адамдарды вакциналайды.

3 қазан, 2016 - 10:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші